«INNO.FEST»: Қызылордалық зияткерлер жүлдегер атанды

986

0

Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі

Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен өткізілген «INNO.FEST» байқауында аймақтағы Зияткерлік мектеп оқушылары екі жүлделі орынмен марапатталды.

Аталмыш додаға 250-ге жуық команда қатысты. Аймақ жастарынан бөлек Астана, Түркістан, Байқоңыр қалаларынан келген қатысушылар «SmartСity», «Контент&Дизайн», «Кино&Видео» бағыттары бойынша жобаларын қорғады.

24 сағат ішінде дарынды жастар идеядан прототипке дейін ІТ саласында жобалар жасап, цифрлы сабақ жоспары, смарт туризм, сөйлейтін әліппе сынды өнертабыстарын ұсынды.

Фестиваль аясында 9 жоба үздік деп танылды. Олардың қатарында Бегім Қуанышбек, Дильназ Серік және Алтынай Әубәкір де бар. Қызылорда облысының туризмін дамыту мақсатында арнайы сайт пен төлем карточкаларын жасап шығарған бұл топ жүлделі ІІ орынмен марапатталып, 300 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы иеленді. Ал «Smart копилканың» авторлары Алдияр Аппаз, Алина Палимбетова және Аружан Мырзабекова ІІІ орынды қанжығалап, 200 000 теңге қаржылай сертификатына ие болды. Сонымен қатар ерекше жобасымен көзге түскен Дінмұхаммед Абдиевке Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқу гранты табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<