INNOFEST: Үздіктерге қомақты жүлде

452

0

Облыс әкімінің қолдауымен өткен INNOFEST байқауына 2500 жас ниет білдіріп, 250-ге жуық команда қатысты. Фестивальға аймақ жастарынан бөлек, Астана, Түркістан, Байқоңыр қалаларынан келген қатысушылар «SmartСity», «Контент&Дизайн», «Кино&Видео» бағыттары бойынша жобаларын қорғады.

Фестивальдің негізгі мақсаты – аймақ дамуына қажетті жаңа инновациялық идеяларды қолдау, ІТ бағытына қызығушы жастардың жобаларын қаржыландыруға мүмкіндік беру және жаңа есімдерді шығару.

Байқауда жастар цифрлы сабақ жоспары, телефон алаяқтары, смарт туризм, сөйлейтін әліппе сынды бірнеше жобалар ұсынды. Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Бәкіров аймақ басшысының ІТ саланың дамуына үлес қосып жүрген жастарға әрдайым қолдау білдіретінін тілге тиек етті.

– Дәл қазір біздің нарыққа креативті индустрияны қалыптастыратын азаматтар өте керек. Оның ішінде ІТ саласы ерекше маңызға ие!

Жасанды интеллект бағытына деген сұраныс бар кезде біз үшін білікті де білімді жастардың жаңа жобалары әркез өзекті. Жақында ғана облыс әкімінің қолдауымен Қызылордада Сеул ғылым және технологиялар университетінің жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі ашылды. Келешекте біздің жастар жасанды интеллект саласындағы жаңашылдықтарды меңгеріп, Кореяда білімін жетілдіруге мүмкіндік алады. Биыл INNOFEST тарихында алғаш рет –  Астана ІТ университетінің гранты табысталады. Бұл – жастар үшін айрықша қолдау!  – деді Е. Бәкіров іс-шарада.

Фестивальда ІТ, медиа және киноиндустрия саласында жетістікке жеткен спикерлер шақырылып, олар жастармен шеберлік сағаттан өткізіп, идеяларды бірлесе талқылады.

Фестиваль аясында 9 жоба үздік деп танылды. Оларға жалпы жүлде қоры 3 млн теңгені құрайтын қаржылай сыйақылар үлестірілді. Әр жеңімпаз командаға І орын үшін 500 000 теңге, ІІ орынға  300 000 теңге, ІІІ орынға  200 000 теңгенің қаржылай сертификаттары табысталды. Сондай-ақ, ерекше жобаларымен көзге түскен қатысушыларға республикалық жоғары оқу орындарының 10 оқу гранты табысталды.

Байқаудың ең жас қатысушысы 6 жасар Нұрзерек Нұрадиновке және ең үлкен қатысушы 60 жастағы Мавлютхан Cаматовқа арнайы сыйлық табыс етілді.

Айта кетсек, биыл фестиваль 4-рет өткізілді. 4 жыл ішінде 9 мыңға жуық қатысушы тіркеліп, өз жобаларын ұсынды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<