Ішкі талдаудың маңызы

504

0

Облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы әрі №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытының жетекшісі Бахыт Жәнәлінің төрағалығымен облыстық басқармаларда және оларға бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауларда анықталған кемшіліктерге қатысты жиналыс өтті.

Жиынға атқарушы органдардың №4 ҮББ жобасын іске асыру бойынша жауапты орындаушылар және жоба менеджерлері қатысты. Жоба жетекшісі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің маңызы, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі, нормативтік-құқықтық актілердегі және ұйымдық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мүмкіндігі бар екенін айтты.

Мемлекеттік органдар ішкі талдау жүргізу рәсімдерін агенттік төрағасының бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын және нұсқамаларын басшылыққа алып, сапалы жүргізу қажет.

Сәнімжан Іскендір,

облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық

жұмыстар бөлімінің маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<