«Темірқазық»: Биылғы шараларға 1200-ден астам жас қатысты

861

0

Облыста белсенді қызмет ететін үкіметтік емес ұйымдар саны артқан.  Олар қоғамдық жұмыстарға қатысып, түрлі әлеуметтік жобаларды  жүзеге асыруда. Осындай белсенді ұйымдардың бірі – Жалағаш ауданындағы «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі. 2005 жылы құрылған ұйым ерікті жастардың басын қосып, тың бастамаларға мұрындық болуда.

Қоғамдық бірлестік төр­ағасы, «Қызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдарының альянсы ассоциациясы» ЗТБ-ның аудан бойынша өкілі Нұржан Амандық бірлестіктің ат­қарып жатқан жұмысы жа­йында кеңінен әңгімелеп берді. Ұйым жастардың шы­ғар­­­­машылығын дамыту мақ­са­тында ресрустық орта­лықпен бір­лесіп, байқау, аудан әкімінің жастар сыйлығын, жастар лагерін, «Жайдарман» лигасын және еріктілер мектебі жоба­ларын дәстүрлі түрде ұйымдастырады.

– Өткен жылы тұңғыш рет еңбек лагері ашылып, оған 25 ерікті таңдап алынды. Олар тұрмысы төмен, жалғызбасты қарт­тар мен аналарға қолға­быс етіп, үй шаруасына көмектеседі. Сонымен қатар бірлестік биыл аудандық ішкі саясат бөлімінің аудандағы жұмыссыз, NEET санатындағы жастарға бағытталған шара­ларды ұйымдастырды. Шы­ғар­машылықты, еріктілер кор­­­пусын дамыту бойынша іс-шаралар өткізу және патриот­тық тәрбие беру, аза­мат­тық белсенділігін арт­тыруға бағыт­талған жұмыстарды жүйелі атқарып келеді, – деді Нұржан Амандық.

Биыл ұйымның әлеуметтік жобалар аясында өткізген шараларына 1200-ден астам жас қатысқан. Пандемияға байла­нысты жиындар онлайн форматта жалғасып жатыр.  Еріктілер тұрғындарға үн­қа­ғаздар мен медициналық бет­перделер таратып, акция өт­кізіп, азаматтарға қолдау көр­­сетуде. Сонымен бірге қо­ғам­дық бірлестік бел­сенді­лері мен ерікті жастар Дәуім­бай елді мекені тұрғыны, жал­ғыз­басты ананың үйін күрделі жөндеуден өткізді. Әлеуметтік аз қам­тылған, көпбалалы, жал­ғызі­лік­ті қария­лар мен жағдайы төмен отбасыларына «Біз біргеміз» ұранымен азық-түлік таратып, олармен тығыз байланыс орнатты. Сондай-ақ, «ДорСтрой», «Абай-Дәулет» ЖШС аудан халқына демеушілік жасап, тұр­мысы төмен отбасыларына көмек берді. Елмен етене жү­ріп, мұқтаж жандарға кө­мек қо­лын созған жомарт жан­дар ерік­тілермен бірігіп, қайы­рымды істердің қасынан табылып жүр. Жас еріктілердің бас­тамасы мен жобалары үнемі қолдау тауып, әлеуметтік мәсе­лелердің шешілуіне ықпал етуде.

Ерікті жастар 200 отбасына азық-түлік себетін үлестіріп, індет өршіген тұста қарттардың үйіне дәрі-дәрмек, азық-түлік өнімдерін жеткізіп отырды. Мәселен, Жалағаш кенті тұрғыны, жалғызбасты  ана Е. Буланованың үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, шатыр, есігі мен терезесін жаңалады. Қайырымды істің қасынан табылған жанашыр жастар ел алғысына бөленіп келеді. Ізгі мақсаттың бастауында жүрген бірлестік жастарының жақсылыққа деген талпынысы жемісін беріп келеді.

Жалпы, үкіметтік емес ұйымдардың Президент Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру бойынша атқарып жатқан жұмыстарына оң баға беруге болады.  Мемлекет тарапынан оларға соңғы жылдары зор көңіл бөлінуде. Белсенді аза­маттық қоғам құру үшін үкі­мет­тік емес ұйымдардың беде­лін арт­тыру қажеттілігі де  назарда.

Бүгінде Жалағаш ауданы бо­йынша 25 үкіметтік емес ұйым бар. Оның ішінде қоғам­дық қор  саны – 12, бірлестік –13.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<