«Jastar-Otanga!» бағдарламасының берері мол

555

0

Өңіріміздің белсенді жастары облыстық “Nur Otan” партиясы төрағасының орынбасары Алтынбек Жарылқасыновпен кездесті.


Кездесу аясында Алтынбек Шәкімаұлы «Jas Otan» Жастар қанатының облыстық 2025 жылға дейінгі «Jastar-Otanga!» бағдарламасының жобаларын талқылады.


«Еліміздің әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған. Бүгінгі таңда Сыр жастары жастарға қатысты мәселерді ашық талқылап, шешу механизімдерін ұсынып келеді. «Жастар-Отанға!» – еліміздің жастарын қамтитын өте ауқымды жоба. Бұл бағдарлама жастар өмірінің барлық саласын қамтитын 5 бағыттан тұрады. Аталмыш бағыттар бойынша Қызылорда облысының жастарына қатысты мәселер ашық талқыланып, шешу механизімі ұсынылды.» – деді А.Жарылқасынов.


Сонымен қатар, облыстық «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Ә.Қардашов «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасында жастардың өмір сүру деңгейін көтеру, әлеуметтік ахуалын жақсарту және дамыту үшін жасалған мүмкіндіктерге тоқталды.


Өз сөзінде ол жастарды патриотизм рухы мен күнделікті жеке тұлға ретінде дамытудың маңыздылығын атап өтті.

-Жастардың өз қабілетін жүзеге асыруына, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласуына, білім алуына және еңбек етуіне партия тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалуда, – деп түйіндеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<