ЭЦҚ-ны бөтен біреуге берген адам 400 мың теңге айыппұл төлейді

945

0

ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаға берген қазақстандықтарға 400 мың теңге айыппұл салынады, – деп жазады Tengrinews.kz.

Министрліктің мәліметінше, кейінгі кезде қазақстандықтар арасында ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаға беруге байланысты шағым көбейген. 2020 жылдың өзінде осындай 30 шақты дерек анықталған. Былтыр 50-ден аса әкімшілік іс тіркелген.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Нұржан Дүйсебай: «ЭЦҚ адамның өзі қаламмен жазып, қол қойғанмен тең екенін және екеуінің заңды салдары болатынын есте сақтау керек. Өз қауіпсіздігіңді сақтап, алаяқтың құрбаны болмау үшін министрлік ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаға бермеуге кеңес береді. Оны жоғалтқан жағдайда бірден қайта жасату керек, сондай-ақ стандарт парольді одан күрделіге ауыстыру керек», – деді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<