Эммануэль Макрон коронавирус инфекциясын жұқтырды

535

0

Франция президенті Эммануэль Макрон коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News агенттігіне сілтеме жасап.

«42 жастағы Макрон бойында індет белгілері байқалған соң коронавирусқа тест тапсырды. Енді ол жеті күнге оқшауланады» делінген Елисей сарайының мәлімдемесінде.

Ресми тұлғалардың бірі Макронның ел басқару ісінен қол үзбей, қашықтан жұмыс істей беретінін хабарлады. Осы аптада Францияда түнгі уақытта ешкім бейсауат жүріп-тұрмас үшін комменданттық сағат енгізілген болатын. Ел президентінің қауіпті індетті қайдан, қалай жұқтырғаны әзірге беймәлім. Дегенмен оның әкімшілігі Макронның соңғы уақытта кіммен байланыс жасағанын, кіммен сөйлесіп, кездескенін анықтап жатыр. Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сенсек, эпидемия басталғалы бері Францияда екі миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған. 59 400 адам осы індеттен көз жұмды.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<