Кәсіби мерекедегі құрмет

752

0

Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарының құрылған күніне орай осы салада қызмет еткен ардагерлер Бас Прокурордың «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Мереке қарсаңында осындай құрметке ие болған ардагерлер Айтбай Әлібаев және Айтбай Тұрғанбаев – құзырлы органда бірнеше жыл жұмыс істеп, өз міндеттерін абыроймен атқарған азаматтар.

Облыстық прокуратура бас­­шылары ардагерлерді құт­тықтап, атқарған еңбектеріне алғыс айтып, отбасыларына амандық-саулық тілеп, қария­лардың батасын алды.

Сонымен қатар ҚР Бас Прокурорының бұйрығ­ы­мен Арал аудандық проку­ратурасының прокуроры Серік Жетпісбаев І дәрежелі, Шиелі ауданының прокуроры Нұрболат Дүйсенбаев, облыс прокурорының аға көмекшісі Абай Әлімбаев ІІ дәрежелі және басқарма прокуроры Бақытжан Есентай ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» меда­лімен марапатталды.

Бұдан бөлек облыс прокуроры Н.Бижановтың бұйрығымен қызметін мінсіз атқарған 10 қызметкерге алғыс жарияланды.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<