Кәсіпкерлік субъектілеріндегі негізгі міндеттер талқыланды

190

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен кәсіпкерлік субъектілеріне арналған мәжіліс өтті. Мәжіліс отырысына аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов, аудан прокуроры Шыңғыс Есжанов, аудан әкімінің орынбасарлары, сала бойынша жауапты басшылар мен кәсіпкерлер қатысты.

Мәжілісте ауданда орналасқан сауда орындары мен базарларда халық көп жиналатын акцияларды мүмкіндігінше өткізбеу керек екендігі ескертіліп, көмекке мұқтаж отбасылардың адресті түрде көмек көрсетілу қажеттігі ұсынылды. Күн тәртібіне сәйкес кәсіпкерлік нысандарға арналғар негізгі талаптар түсіндірілді.

Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Жасұлан Ерданұлы сауда объектілерінің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті талаптармен таныстырып өтті.

Сондай-ақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Еркін Есетұлы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы № 55 бұйрығының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Кәсіпкерлік нысандардағы санитарлық талаптардың сақталуы туралы аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлжазира Саттарқызы баяндама жасады.

«Ауданда орналасқан барлық кәсіпкерлік субъектілері осы талаптарды басшылыққа алып, халыққа сапалы қызмет көрсете отырып, тұрғындардың қауіпсіздігін басты назарда ұстауымыз керек. Кәсіпкерліктің кең қанат жаюы үшін мемлекет барлық мүмкіндікті жасауда. Кәсіп иелерінің жұмысына кедергі келтірмеу керек, өйткені бұл жұмыс көзін, салық түсімін қамтамасыз етеді. Дегенмен де, белгіленген талаптар сақталып, тәртіпке бағынған жөн»,-деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Жасұлан Ерданұлына барлық кәсіпкерлік нысандарының, дүкен, базарлардың иелеріне акцияларға жол бермеу қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Еркін Есетұлына ауданда орналасқан сауда орындары мен базарларда өрт қауіпсіздігі ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізіп, қажет болған жағдайда оқу-жаттығу жиындарын өткізу қажеттігі айтылды.

Аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасына кәсіпкерлік нысандардағы санитарлық талаптардың сақталуын қатаң бақылауға алып, қажетті шаралар қабылдау жүктелді.

Кәсіпкерлік субъектілерімен өткен мәжіліс қорытындысы бойынша айтылған тапсырмалардың орындалуы аудан әкімінің бақылауында болатындығы айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<