Кедергілер жөніндегі кеңес отырысы өтті

501

0

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Кедергілер жөніндегі өңірлік кеңестің кезекті отырысын өткізді.

Күн тәртібінде «Қанат-Орда» ЖШС директорынан келіп түскен Қызылорда қаласының қалалық емханаларында орналасқан стоматологиялық кабинеттерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі кедергілер туралы мәселе талқыланды.

Мәселен, Қызылорда облыстық қаржы басқармасы өзбұйрығымен Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда консультатциялық диагностикалық орталығы» ШЖҚ КМК конкурстық рәсімдерді өткізбей стоматологиялық көмек көрсету үшін қалалық емханалардағы стоматологиялық кабинеттерді өтеусіз негізде берген.

Сондай-ақ, мемлекеттік мүлік туралы заңнамаға сәйкес, коммуналдық  мүлiктi мүлiктiк жалдауға   жергiлiктi атқарушы орган бередi. Егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады делінген.

Оның үстіне, «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалғаалуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына сәйкес мемлекеттік мүлікті жалдаушы (жалғаалушы) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе жеке және мемлекеттік емес заңдытұлғалар болып табылады.

Осылайша, облыстық қаржы басқармасының бұйрығы жеке стоматологиялық клиникалар үшін қалалық емханаларда халыққа стоматологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік бермей өзіндік кедергі болып отыр.

Талқылау қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселеге қатысты кедергілер жөніндегі өңірлік кеңес мүшелері департаментке жеке стоматологиялық клиникалардың халыққа стоматологиялық көмек көрсетуі бойынша нарыққа қол жеткізуге тең жағдай жасау үшін Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес түбегейлі шаралар қабылдауды тапсыруға шешім қабылдады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<