Кеңес отырысы қорытындыланды

475

0

«Достық үйінде» облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің аппарат басшысы Шахмардан Байманов және қоғамдық даму басқармасының басшысы Мира Қазбекова қатысты.

Іргелі мемлекет атануымызда бірлік, келісім және өзара қолдау қағидаттарына негізделген Қазақстан халқы ассамблеясының рөлі ерекше. Осы ретте аппарат басшысы патриотизм, мемлекеттік тілдің маңызын арттыру мәселесін алға тартты.

– Облыс әкімі, облыстық ҚХА төрағасы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өңірлік ассамблеяның XXIV сессиясы жаңа форматта өтеді. Қазіргі таңда сессияға дайындық жұмыстары жүргізіліп, тиісті іс-шаралар жоспары әзірленуде, – деді ол.

Кездесуде өңірдегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау, облыстық ассамблеяның қызметін жандандыру және оның қоғамдық-саяси рөлі мен маңызын арттыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен міндеттері айтылды. Сонымен бірге облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық негіздегі орынбасарын сайлады. Көпшіліктің қолдауымен облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Кахар Дадашевтің кандидатурасы ұсынылды.

Жиын соңында алдағы атқарылатын жұмыстарға байланысты ұсыныс-пікірлер айтылып, шешу жолдары қарастырылды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<