Кеселдің жолын кесу өз қолымызда

539

0

Жасыратыны жоқ, бүгінгі күні елімізде коронавирус індетіне байланысты санитарлық-эпидемиологиялық ахуал күн өткен сайын күрделеніп барады. Өткен аптаның соңында біздің өңіріміз «сары аймаққа» кірсе, күні кеше Сырдария ауданы «Қызыл аймаққа» кірді. Бұл өте алаңдатарлық жағдай. Қазіргі күні сақтық шараларын күшейтетін, әрбіріміз өз денсаулығымызға жауап беретін кезең.

Бүгінгі күні мамандар коронавирусты жеңудің жалғыз ғана жолын айтып отыр. Бұл – вакцина салдыру. Мен медицина саласының қызметкері, жалпы тұрғын ретінде екпе салдырғандардың алғашқыларының бірі болдым. Бұл менің ерікті шешімім.Екпені менің жанұям мен жақындарым да салдырды. Вакцина қабылдау арқылы кеселді дерттен қорғанатынымызға сенеміз. Дәл осындай сенім барлықтарыңызда болуы керек деп ойлаймын. Күнделікті жұмыста, қоғамдық көлікте, басқа да орындарда көпшілік адамдармен араламыз. Үйге келген кезде, бойымда үрей болатын.

Індетті жұқтырып келуім мүмкін еді. Вакцина салдырғаннан кейін бұл қорқыныш басылды. Вакцина салдырғаннан кейін де сақтық шараларын ұмытпаған абзал. Күнделікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бетперде тағудың, әлеуметтік арақашықтық сақтаудың, гигиеналық талаптарды орындаудың маңыздылығы айтылып жатыр. Үгіт-насихат жұмыстарына қарамастан, қорғану амалдарына селсоқ қарайтын жандар емес. Соның салдарынан ахуал күшейіп, науқастардың саны артып кетті. Қазір қаламыздағы бірнеше емханаларда вакцина салдыру жұмыстары жүріп жатыр. Мен мамандардың кеңесіне құлақ асуға шақырамын.Саулық – сақтықта! Өзімізді қорғап, айналамызға қамқор болайық.

Гүлмира Абдрасулова,

медицина саласының қызметкері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<