Кеселмен күресте екпе көмекке келеді

575

0

Әне-міне дегенше әлемді жайлаған коронавирус індетімен тайталасып келе жатқанымызға да жылдан асып отыр. Көріп отырғандарыңыздай, содан бері коронавирус қарқынының басылар түрі жоқ.

Бүгінге дейін індеттің ілмегіне әлемде 137 миллион адам ілінді.

Елімізде вирусты жұқтырғандар 276 мыңнан асады. Өткен аптада аймағымыз эпидемиологиялық ахуалдың күрт өсуі жағынан сары аймаққа енгені өздеріңізге белгілі.

Өңірімізде де індет жұқтырып анықталғандар саны соңғы күндерде күрт өсіп отыр.  Бүгінгі күнге дейін 4490 науқас  жұқтырып тіркелсе, соңғы тәулікте 32 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып отыр.

Өздеріңізге белгілі елімізде 1 ақпаннан бастап алғашқы «Covid-19» инфекциясына  қарсы вакцинациялау жұмыстары басталған болатын.

Біздің өңірімізге де 1 ақпан күні екпенің алғашқы  дозасы келіп, екпе жұмыстары басталған болатын.

Бүгінгі күнге дейін аймағымызда коронавирус инфекциясына қарсы екпе 13050 адамға егіліп отыр.

Індеттің айығудың жалғыз жолы – сақтық шараларын қатаң сақтау болып табылады. Яғни эпидемияны түбегейлі жеңудің жолы – вакцина салдыру. Екпе әрине, ерікті түрде жүргізіледі. Дегенмен ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажеттігін әрбіріміз ұғынсақ, нұр үстіне нұр болар еді.  

Әлемді жайлаған індетті жұқтыру, таралу қаупін сейілтуді тек – екпе салдыру, сақтық шараларын сақтау арқылы ғана төмендете аламыз! Сол себепті барша халықты коронавирус инфекциясынан қорғану үшін сақтық шараларын сақтауға, екпе салдыруға шақырамын! Осылайша індетті бірге жеңе аламыз!

Үрмия Бейісова,

Медицина саласының ардагері,

«Жанар» медицина орталығының

директоры, «Сыр медицинасы» облыстық бірлестігінің төрайымы  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<