Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

764

0

Облыс әкімдігінің мәжіліс залында көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Шарада облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов құттықтау сөз сөйлеп, сала мамандарын марапаттады.

– Көлік саласы – экономиканы алға жылжытушы күш. Өңірімізде көлік сервисі жыл өткен сайын дамып келеді. Бұл саланың өркендеуіне сіздердің сіңірген еңбектеріңіз ерен деп білемін. Бүгінде облыс көлемінде елді мекен жолдары жаңартылуда, 150 жаңа автобус сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы 150 автобус әкелінеді деп жоспарлануда. «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Мұның барлығы халық игілігі үшін, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Мерекелік жиында сала қызметкерлеріне Құрмет грамотасы, облыс әкімінің Алғыс хаты, «Құрметті автокөлікші», «Үздік автокөлікші», ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің грамотасы, Автомобиль жолдары комитеті төрағасының Алғыс хаты табыс етілді.

Автокөлік қызметкерлері саланың дамуына үлес қосып келеді. Бұл салада мыңдаған адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Қала көшелері кеңейтіліп, жолаушылар тасымалындағы мәселелер оң шешімін табуда.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<