Көліктің жүксалғышынан сексеуіл табылды

576

0

Қызылордалық полицейлер 17 сәуір күні 48 жастағы жергілікті тұрғының басқаруындағы «Зил» маркалы жүк көлігін тексеріп, жүксалғышынан 3 текше метр көлемінде заңсыз кесілген сексеуіл бұталарын анықтады.  

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 340-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Осыған сәйкес, облыстық полиция департаменті аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері ел заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын ескертеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<