Комиссия отырысы өтті

1214

0

Қармақшы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудан әкімі жанындағы комиссия отырысы өтті.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Жарқын Омаров жүргізді.

Комиссия отырысына аудан прокурорының орынбасары, аудандық білім бөлімінің басшысы мен әдіскерлері, №26 орта мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, ата-аналар мен оқушылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және комиссия мүшелері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің басшысы Оспан Ешжанов хабарлама жасады. Ол кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы және оларға қарсы жасалған қылмыстар туралы баяндады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Жосалы кентіндегі №26 орта мектеп директоры Мәуегүл Ерғалиеваның хабарламасы тыңдалды.

Жиын барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Дастан Нәзікбаев жасөспірімдер мен оқушылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында білім беру ұйымдары тарапынан атқарылып жатырған жұмыстар туралы айтты.

Сонымен бірге жиында Қармақшы ауданы прокурорының орынбасары Әнуар Әбдіғалиұлы сөз алып, жыл басынан бері кәмелетке толмағандармен жасалатын құқық бұзушылық профилактикасы жұмыстарының аудандық полиция бөлімі тарапынан нәтижесіз болуына байланысты осы бағыттарды күшейтіп, нақты атқарылған шаралар жөнінде келесі комиссия отырысында есеп беруді ұсынды.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары жасөспірімдер мен оқушылардың қауіпсіздігін, жастардың жат әдет-қылықтардын аулақ болуын, олардың құқықтарының қорғалуын жауапты мекемелердің ұдайы назарында болу қажеттігін атап өтті.

 «СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<