Коммуналдық қызметтің жай-жапсары түсіндірілді

282

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар, табиғи монополия субъектілерінің, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен тұрғын-үй коммуналдық саласындағы мәселелер бойынша азаматтар үшін қоғамдық қабылдау өткізді. Оны департамент басшысының міндетін атқарушы Г.Өтегенова жүргізіп, қабылдауға келушілердің сұрақтары бойынша түсінік берді.

Қабылдауда «Сенім» ПИК төрайымы И.Сартова Қы­зыл­орда қаласы, Төле би кө­­шесіндегі үйде ауыз су қы­сы­­мының төмендігі және жал­­пы­үйлік жылу есептеу құ­­ралдарын коммерциялық есеп­­ке қабылдау мен оның көр­­сеткіші бойынша жылуға тө­лем жүргізу туралы айтса, қала тұрғыны  А.Мамбетова тұ­­­тыну көлеміне байланыс­ты электрмен жабдықтауға са­раланған бағалардың негізді­лігін түсіндіруді сұрады.

Зейнеткер Н.Досалиева Қы­зылорда қаласы, Мүсірепов көшесінде орналасқан көп қа­батты үйдің маңындағы кәріз жүйесі жиі істен шығып, тұрғындарға қиындықтар ту­ғызғанын, ақау жөнделсе деген ұсынысын білдірді.

Қаладағы «Мерей» шағын ау­­данының тұрғыны Е.Байділда аталған ауданда орналасқан «Жаңа ел» дүкенінде кассалық ап­парат қолданбайтындығын, са­­тыл­ған заттарға түбіртек бе­ріл­­мейтінін және  тұрғынның үйін­­де жаңарту жұмыстары са­па­­сыз жүргізіліп, қазір ол үшін ақы талап етіліп жатқанын айтты.

Қоғамдық тыңдауға келген сала басшылары қойылған сұ­рақтар бойынша атқарылатын жұ­мыстар туралы айтып, кейбір мә­селелер бойынша түсіндірме берді.

Сондай-ақ қоғамдық қа­был­­дауға келген азаматтар электр­мен, жылумен, сумен  жаб­дықтау және суды бұру са­ла­ларындағы өзекті мә­селелерді қозғап, олар бойынша департамент әр аптаның сейсенбі күні аталған шараны өткізіп тұруды ұйғарды.

Ж.ӘЛМАХАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<