Коммуналдық қызмет сапасын жақсарту бойынша тапсырма берілді

264

0

Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов аудан бойынша коммуналдық қызмет сапасын жақсарту мақсатында мекеме басшыларын қабылдады.

Сала бойынша жауапты мекеме басшыларына халықтың сұранысына сәйкес көгілдір отын, ауыз су, электр энергиясы мен байланыс қызметінде мәселелер болмау қажеттігін жеткізді.

Қыс мезгіліне коммуналдық қызметтердің жақсы болуы үшін, қазірден дайындық жұмыстарын сапалы жасап, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<