Корей халқының батыры Хон Бом До сүйегі Қызылордадан туған жеріне жеткізіледі

1638

1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы 17-18 тамызда Корея Республикасына жоспарланған сапары аясында Хон Бом До сүйегін тарихи отанына қайтару бойынша дайындық жұмыстары жүруде. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Әбілдаев мәлімдеді.

– Корея Республикасынанан арнайы делегация келіп, 14 тамыз күні аймақ басшысы Гүлшара Әбдіхалықовамен бірген Хон Бом До мемориалында өтетін еске алу шарасына қатысады. Одан әрі генералдың сүйегін қазып алу жұмыстары жүргізіледі. 15 тамызда Қорқыт ата әуежайында Қазақстан Республикасының Құрметті қарауылы мен әскери оркестрінің қатысуымен салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтеді, – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<