Коронавирус бойынша сұрақтармен 1406 call-орталығына хабарласуға болады

376

0

Өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тарапынан 1406 бірыңғай колл-орталығы жұмысын бастады. Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық аппарат пен ӘМСҚ-ның 17 филиалындағы 44 операторы медициналық көмектің сапасына және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кіретін қызметтерге байланысты сұрақтарға жауап береді.

-Барлық өтініштер Қордың сарапшыларымен тіркеледі және қаралады. Егер аурухана немесе клиника тарапынан медициналық қызметтерді сатып алу шартының талаптарын бұзу дәлелі расталса, онда медициналық ұйымға ӘМСҚ-мен шарттық міндеттемелерді төлеу қағидаларына сәйкес айыппұл санкциялары салынады, – деп хабарлады «ӘМСҚ» Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Абылайхан Рахимов.

Карантин енгізілгеннен кейін байланыс орталығы коронавирустық инфекцияға қатысты өтініштерді де қарауда. 1406 операторлары тұрғындарға алдын-алу шаралары, вирустан қорғану, күдікті белгілер анықталған кезде әрекет ету, ПТР-ға талдау жасау және т.б. мәселелер бойынша халыққа кеңес беру үшін арнайы дайындықтан өтті.

-Жүргізілген мониторингке сәйкес, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының колл-орталығына күн сайын 130 қоңырау келіп түседі, ай сайын 3 мыңға жуық қоңырау түседі. Ағымдағы жылдың шілде айында COVID – 19 тұтану кезеңінде қоңыраулар саны үш есе өсті, –  деп атап өтті А.Рахимов.

Айта кетейік, медициналық сақтандыру қорының 1406 байланыс орталығы 24/7 режимінде жұмыс істейді.

1406 байланыс орталығының операторларына өз сұрақтарын «Qoldau 24/7», «Telegram» – «QoldauINFO» мобильді қосымшалары арқылы да қоюға болады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<