«Логикалық математика және логикалық есептер» авторлық бағдарламасы жарық көрді

2436

0

Қызылорда «Болашақ» университеті, «Білім беру және педагогика» жоғары мектебі, «Мектепке дейінгі, бастауыш білім және өнер» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Айгүл Дүйсенғалиқызы Есқараева мен Тараз қаласындағы №15 мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Назипа Әбенқызы Мадешованың бірлескен авторлық бағдарламасы жарық көрді.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған бағдарлама «Логикалық математика және логикалық есептер» деп аталады. Авторлық бағдарлама Алматы қаласындағы Халықаралық білім мен ғылымды қолдау орталығының оқу-әдістемелік кеңесі мәжілісінде қарастырылып, «EDU print» жедел басу баспахасында басылған. Авторлық бағдарламаға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты К.С. Камзаева пікір білдірген.


Авторлық бағдарлама оқушыларды математика пәнін оқытуда үлкен көмек береді және математика сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға үлес қосады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тақырыпты оқушылардың өздігінен меңгеруіне лайықталып жасалған. Кітапта көптеген тақырыптар беріліп, әр тақырып соңында өзіндік жұмыс, тест жұмыстары қарастырылған. Бұл жұмыстар әр бөлімді тиянақтап, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Кітапта жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетін қалыптастырып, логикалық ойлау жүйесін, ақыл-ойын дамытатын бірқатар материалдар жинақталған. Сонымен қатар, логикалық жаттығу жұмыстары мен қызықты әзіл-есептер берілген.
«Кіші жастағы оқушыларға білім беру»
ғылыми-педагогикалық зерттеу орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<