Мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес жалғасады

3419

0

Адам саудасы әлемдегі барлық елде етек жайған. Әсіресе, адам саудасы құрбандарының жасарып бара жатқаны әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр.

Адам саудасының негізгі түрі ретінде мәжбүрлі адам еңбегі танылады.

Мәжбүрлі еңбек дегеніміз – қандай да бір адамнан қандай да бір жаза қолдану қатерімен талап етілетін, оны орындау үшін бұл адам ерікті түрде өз қызметтерін ұсынбаған кез келген жұмыс немесе қызмет болып табылады.         

Мәжбүрлі еңбек арқылы адам саудасының көптеген түрлері туындайды.

Адамдарды сату, пайдалану, азғырып-көндіру, тасу, жасыру әрекеттеріне байланысты қылмыстармен күрес қатаң сипатта жүргізіледі. Бұл – адамдардың өмір сүруге, бостандығына, денсаулығын қорғауға деген конституциялық құқығын қорғау мәселесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 609 қаулысы негізінде Облыс әкімінің өкімімен «Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары» бекітілген.

Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы (ары қарай-Басқарма) облыс бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес жұмыстары мен ақпараттық түсіндірулер жүйелі түрде жұмыс берушілер арасында оның ішінде жеке кәсіпкерлік субьектілеріндегі шаруа қожалықтары мен құрылыс объектілерінде жоспардан тыс тексерулер мен арнайы тергеп-тексеру аясында адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Аталған іс-шаралар барысында жұмыс берушілерге жұмыскерлердің мәжбүрлі еңбегінің алдын-алу, адам саудасына қарсы күрес бағытында өз қызметін ерікті түрде ұсынбаған кез-келген адамнан жазалау қатерін төндіру арқылы түрліше жұмыс немесе қызмет талап ету жұмыскерді мәжбүрлі еңбекке тарту белгілері болып табылатындығы түсіндірілді.

Сонымен қатар, Басқарманың ресми саитына және «Facebook» әлеуметтік желісіне адам саудасына қарсы күрес мәселелері бойынша инфографикалармен бейне роликтер жарияланды.

Облыстық полиция департаментіменоблыс әкімдігінің жанындағы «Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және адам саудасына қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi өңірлік комиссиясы» отырысы тұрақты түрде жартыжылда 1 рет (2 отырыс белгіленген жоспарға сәйкес желтоқсан айында өткізу жоспарлануда) өткізілуде.

Облыс аумағында адам саудасымен байланысты қылмыстарды ескерту, жолын кесу, анықтау және ашу бағытында басқа да құзырлы органдарымен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Нәтижесінде, полиция органдарының мәліметі бойынша жыл басынан (01.09.2020ж.) адам саудасына қарсы күрес желісі бойынша – жеңгетайлық (ҚР ҚК 309-бабы) 5 және 1 бас бостандығынан заңсыз айыру (ҚР ҚК-нің 126-бабы 3-бөлігі 2 тармағы) қылмыстық іс тіркеліп тергеу амалдары жүргізілуде.

Адамдарды еңбекке қанау мақсатында заңсыз бостандығынан айыру (құлдыққа салу) деректерін анықтау, жолын кесу бағытында облыс көлемінде тіркелген 3 мың 671 шаруа қожалықтарының 2 мың 876 тексерумен қамтылған. Шаруа қожалықтарында заңсыз адамның құқықтарымен бостандықтары тапталу немесе олардың құқықтары шектелу деректері орын алмаған.

         Мәжбүрлі еңбек пен адам саудасының құрбаны болмау үшін не істеу керек? Біріншіден миграция қызметіне тіркелу, кез-келген қызметті жасамас бұрын келісім-шарт жасасу, жұмысқа қабылдаушы ұйым мен тұлғалар жайлы хабардар болу, еңбек шартын жасасу, бөтен тұлғаларға ешқашан жеке куәлік пен өзге де жеке құжаттарды бермеу өте маңызды болып саналады.

Әрбір жанашыр тұлға, қоғам мен мемлекет болып осы бағытта күш біріктірген жөн. Сондықтан кез-келген азамат мәжбүрлі еңбектің құрбаны болмау үшін қандай да бір қызмет жасамас бұрын жоғарыда аталған мән-жайларды ескерген жөн.

Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<