Мәжіліс депутаты зиялы қауым өкілдерімен кездесті

392

0

Фото: Қоғамдық даму басқармасы

Бүгін Достық үйінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса өңірдегі зиялы қауым өкілдері мен тіл жанашырлары, журналистер және түрлі сала мамандарымен арнайы кездесті.

Кездесу модераторы облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов облыстағы идеологиялық бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы атап өтті.

Басқосу барысында Қазыбек Иса зиялы қауым өкілдеріне ҚР Парламенті Мәжілісіндегі ұлттық идеологияға байланысты жүргізілген ауқымды жобалар мен мемлекеттік тіл және жалпы ұлт мүддесін қорғауда жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы атап өтті.

Кездесуде ел дамуының даңғыл жолындағы биік мақсаттар жайлы келелі әңгіме қозғалды. Өз кезегінде жиналған қауым да көкейде жүрген бірқатар ұсыныстарын ортаға салып, ой-пікірлерін ашық айтты.

Зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары Сәпен Аңсат, Сайлаубай Жұбатыров, Садуақас Аңсат, Айткүл Шалғынбаева, Сәрсенкүл Бихожа, Аман Абасилов ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қатысты өзекті мәселелерді қозғап, заңнамалар, қазақ баспасөзінің мәселесі, мемлекеттік тілге қатысты міндеттерді қаузады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<