Мейірбикелерге құрмет

831

0

12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне орай Қызылорда жоғары медицина колледжінде салтанатты шара өтті. Онда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.

– Дертке шипа, денге саулық сыйлайтын барша мейірімді маман иелерін бүгінгі кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуы әрбір ақ халатты жанның қосқан үлесіне, білімі мен тәжірибесіне байланысты. Халықтың денсаулығы жолындағы күресте облыс тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін 10 721 орта буын маманның жауапкершілігі орасан. Бүкіл әлемді шарпыған пандемиямен күресте дәрігерлердің табандылығымен қатар мейірбикелердің ерлікке пара-пар еңбегі қандай құрметке де лайықты. Аянбай еңбек етіп жүрген баршаңызға зор ризашылығымды білдіремін, – деді басқарма басшысы.

Жиында бірқатар мамандар «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен, министрліктің және облыс, қала әкімінің, «Amanat» партиясының облыстық филиалының және  басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар мерекеге орай ұйымдастырылған «Үздік маман-2023» кәсіби конкурсының жеңімпаздары анықталып, олар «Үздік бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымының мейіргері», «Үздік аурухана мейіргері», «Үздік акушер», «Үздік фельдшер» номинациялары бойынша марапатталды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<