Мейірімді мейіргер

1168

0

15 ақпан – халықаралық ота мейіргерлері күні


Еуропалық операциялық бөлім мейіргерлер қауымдастығы 2009 жылы 15 ақпанда халықаралық ота мейіргерлері күні деп бекітті. Бұл күн біздің елімізде ерекше атап өтілмесе де, ота мейіргерлерінің жауапты еңбегін бағлануда.
Ота мейіргері – дәрігердің негізгі көмекшісі. Оның білімі, қабілеті мен тиянақтылығының арқасында кез келген хирургиялық ем сәтті өтеді. Көп бейінді облыстық аурухананың ота мейіргері Гүлмира Еділбаева бүгінде көптеген оталарға қатысып жүр. Ол әріптестеріне өзінің біліктілігімен ғана емес, еңбекқорлығымен үлгі. Гүлмира Уалиханқызы Қызылорда медицина колледжінің түлегі. «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавр біліктілігін алған.
Еңбек жолын Қызылорда темір жол ауруханасының ота мейіргері болып бастаған. Облыстық медицина орталығының ота жасау бөлімшесінің мейіргері, аға мейіргері қызметтерін үлкен жауапкершілікпен атқарып, алғысқа бөленіп келеді.
Отбасында асыл жар, екі қыздың аяулы анасы. Мейіргер жемісті еңбегі үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысыны, аурухана директорының Алғыс хаттарымен марапатталған.

Аружан ЕРАЛЫ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<