Мейірімді мейіргер

1349

0


12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні

                Көп бейінді облыстық ауруханада білімді дәрігерлермен қатар, 600-ден астам білікті мейіргерлер де қызмет істеп жүр. Бірде-бір дәрігер мейіргерсіз жұмыс істей алмайды. Олардың қызметтері өте маңызды. Әрбір науқастың өмірі үшін жауапты жұмыс атқарады. Сондықтан да мейіргерлерге артылған сенім мол. Бүгінде мейіргердің рөлі артты. Бұрын олар орта медициналық персонал болып саналса, қазір олар дәрігерлердің тең серіктесі. Ақылдасып, арқа сүйер әріптесі.

12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күнін асыға күтетін жандардың бірі №1кардиология бөлімшесінің аға мейіргері – Айсұлу Досманова. Айсұлу Нұрғазықызы 1968 жылы 16 мамырда Шиелі ауданында дүниеге келген. Қызылорда медициналық училищесінде «Балаларға арналған емдеу және алдын алу» мамандығын бітірген. Еңбек жолын Шиелі аудандық аурухананың Жұқпалы аурулар бөлімшесінде мейіргер болып бастаған. 1990 жылы Теренөзек ауданының Ақжарма совхозында ауылдық емханада мейіргер болып, кейін аға мейіргер болып істеген.

2008 жылы облыстық медицина орталығының кардиология бөлімшесіне мейіргер болып қабылданған. Кейін ауруханада Нейроинсульт орталығы ашылып нейрореабилитация бөлімшесіне ауысты. Аталған бөлімшенің аға мейіргері болып жауапты қызмет атқарған. Бүгінде кардиология №1 бөлімшесінің аға мейіргері. «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Табанды еңбекпен отбасындағы тіршілікті қатар алып жүрген кейіпкеріміз емделушілердің алғысына бөленіп келеді.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<