Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы басты назарда

279

0

Фото автордан

Бір елдің болашағын көргің келсе, сол елдің қазіргі жастарына қара – деген екен бір ғұлама. Қазіргі ұрпақ еліміздің жарқын болашағы, жанашыры және иесі. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қазақ елінің болашағы үшін бүгіннен бастап бар күш-жігерімізді салып, аянбай еңбек етсек нәтижелі іске де қол жеткізіп қалармыз. Жеткізіп жатқан жемісті жетістіктеріміз де жоқ емес. Мектеп – кеме, білім – теңіз демекші, бала бар жақсылық пен игілікті, тәрбие мен білімді мектептен алады. Осы тұрғыда бүгін Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде «Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы» атты ашық есік күні өтті. Шараға 5-сынып оқушыларының ата-аналары қатысып, мектеп пен оқушылардың сабақ барысымен танысты.

Шарада сөз алған мектеп-лицей директоры Б.С. Тумурзаев білім ошағында атқарылып жатқан жұмыстар барысына тоқталды: «Мектебімізде ата-ана, оқушы-мұғалім арасындағы байланысты нығайту жеке тұлғаны қалыптастыру және сапалы оқыту мен саналы тәрбие беру мәселесі алдыңғы орында. Мектеп – отбасы – қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, серіктестікті қалыптастыру, қауымдағы ата-аналармен бірлескен жұмысты көрсету мақсатында мектебімізде жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда» – деді мектеп басшысы.

Сондай-ақ, ата-аналарға білім ошағында ашылған «БИО flowers», «БИО мастер», «Кино студия», «Астрономия» және Т.Есетов атындағы музейге экскурсия жасап, мектептің тыныс-тіршілігімен танысты. Ары қарай құрметті қонақтар оқушылардың қатысуымен концерттік бағдарламаны тамашалады. Барлық 5-сыныптарда өткен ашық сабақтарды тамашалаған ата-аналар мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.

Дильназ ТЕМІРҒАЛИ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда

университетінің 4-курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<