«Мектепке жол» акциясы

704

0

Қызылорда облысында жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі түрде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.

Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға қолдау көресету.

Іс-шара «Jas Otan» ЖҚ ұйымдастыруымен облыстың барлық аудандары мен қалаларында ұйымдастырылуда.

Акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылардан шыққан 10 балаға оқу құралдары табысталды. Шараның өтуіне қолдау көрсеткен облыстық мәслихат депутаты,  Жастарды қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің төрағасы М.Ералиев бүлдіршендерді жаңа оқу жылымен құттықтап, оқуда озат болуларына тілектес екенін жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<