Мектептер жаңа автобустармен толығады

986

0

Қызылорда қаласына мектеп оқушыларын тасымалдайтын жаңа автобустар келуде.

Осы ақпаратты растай отырып, облыс әкімінің қолдауымен аймағымыздағы ауыл мектептерінің көліктері 30 жаңа автобуспен толығады. Бұл балаларды мектепке және үйлеріне қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні жаңа 30 автобустың жартысы қалаға жеткізілді. Қалған автобустар толық жеткізілген соң, мектептерге пайдалануға берілетін болады.

Айта кетейік, бұл тасымалдаушы көліктер 20 және 40 орынға шақталған. Мектеп автобустарының техникалық сипаттамалары барлық талаптарға сәйкес келеді. Қауіпсіздік белдіктері, апаттық шығу жол, жылдамдық шектегіштер мен сәйкестендіру белгілері бар және автобуста бала қалған жағдайда белгі беретін жүйемен қамтылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<