Мемлекеттік қызмет саласын цифрландыру жүріп жатыр

132

0

Нұр-Сұлтан қаласында «Мемлекеттік қызметті жаңғырту – мемлекеттік басқару реформаларын табысты жүргізудің негізгі факторы» тақырыбында семинар өтті. Аталған іс-шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто, Украинаның Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ұлттық агенттігінің басшысы Наталья Алюшина, сондай-ақ Ұлттық экономика, қаржы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің өкілдері қатысты.

Семинарда агенттік төрағасы мемлекеттік қызмет саласын цифрландыру бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтты.

«Агенттік пен мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың ұлттық орталығы қазіргі уақытта кадрлық процестерді кезең-кезеңімен цифрландыруды іске асыруға мүмкіндік беретін «iQyzmet» функционалын әзірлеуде. Біздің білуімізше, Украина Дүниежүзілік банктің қолдауымен персоналды басқарудың ақпараттық жүйесін (HRMIS) әзірлеп жатыр. Ол персоналды іріктеуді, жалақыны есептеуді және жәрдемақы төлеуді қоса алғанда, бірқатар функцияны біріктіреді және автоматтандырады», деді Анар Жаилғанова.

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто агенттік төрағасына конструктивті ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, семинардың өзекті екенін атап өтті.

Украина Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ұлттық агенттігінің басшысы Наталья Алюшина қатысушыларға өз мемлекетінде іске асырылып жатқан персоналды басқарудың ақпараттық жүйесін (HRMIS) таныстырды.

Семинар соңында қатысушылар мен сарапшылар еркін пікір алмасып, іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз