Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған жоба аясында ҚР Ішкі істер министрлігі өткізген «Погонды журналист» республикалық байқауының қорытындысы шықты. Нәтижесінде аталған акцияға қатысқан «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ақтілек Бітімбай ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ол бұған дейін облыстық ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде болып, мекеменің бір күндік жұмысы туралы «Жабық есік ішіндегі өмір» тақырыбында БАҚ беттеріне материал жариялаған болатын.
Астанадан жеткен алғысты Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Жүніс Әбдіқайыров табыстады. Ол өңірлік тілшіге алғысын білдіріп, алдағы уақытта да ҚАЖ имиджін көтеруге ынтымақтастықта бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Айта кету керек, бұл байқауды ІІМ екінші жыл өткізіп келеді. Байқауға еліміз бойынша 60-қа жуық журналист қатысып, 90-нан астам материал БАҚ пен әлеуметтік желіде жарияланған.
Дана ДОСТАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<