Министр қазақстандық оқушылар қандай жағдайда мектепке орала алатыны туралы айтты

1119

0

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға қазақстандық оқушылар дәстүрлі оқу форматына қашан орала алатыны туралы сұрақ қойылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр Қазақстандағы дәстүрлі оқуға оралу коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты екенін түсіндірді.

«Біз күнде бақылау жүргізіп отырмыз. Біз үшін желтоқсан мерекелері мен жаңа жылдан кейінгі деректерді, сондай-ақ алдағы екі аптадағы кезеңді өлшеу маңызды. Осының негізінде жағдайдың одан әрі дамуын түсініп, КВИ бойынша шараларды әлсірету немесе күшейту туралы шешім қабылдаймыз», – деп түсіндірді министр.

Денсаулық сақтау министрі мерекелерден кейін науқастар саны көбеюі мүмкін екенін атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<