Мониторинг жұмыстарын жүргізді

287

0

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ қызметіне мониторинг жүргізді.

Департамент Қоғамның 2020-2022 жылдар кезеңіндегі қаржы-шаруашылық есептілігін зерделеді, оған сәйкес осы қоғамның ақшалай қаражаты электр энергиясын беруден, есепке алу аспаптарын жасаудан, электр энергиясын қосудан, профилактикалық сынақтар жүргізуден, құрылыс-монтаждау жұмыстарынан, техникалық қызмет көрсетуден, электр энергиясын бөлуден, сондай-ақ ғимараттарды жалға беруден түскені анықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысына сәйкес ғимараттарды жалға беру коммуналдық меншіктегі акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлеріне жатпайды.

Алайда, Қоғам осы уақытқа дейін өзінің жарғысында, сондай-ақ жоғарыда аталған Қаулыда көзделмеген өз ғимараттарын жалға беру бойынша қызмет түрімен заңсыз айналысқаны анықталды.

Осыған байланысты, Қоғам құрылтайшысы болып табылатын Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына Жарғыда көзделмеген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1095 Қаулысына сәйкес келмейтін қызмет түрлерін Қоғамның орындауын тоқтату және Қоғамның қосымша қызметтермен, яғни өз жарғысында көзделмеген қызмет түрлерімен айналыспауын қадағалаутуралы Хабарлама жіберілді.

Бүгінгі күні Хабарлама Қоғам ғимараттарын жалға алудың бұрын жалға алушылармен барлық шарттарын бұзу туралы келісімдер жасасу арқылы толық орындалды.

Марат Айтхожа,

ҚР Бәсекелестікті қорғау

және дамыту агенттігінің

Қызылорда облысы

бойынша департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<