Мүлік иелерінің бірлестігін тіркеу

678

0

Өз үйіңіздің мәселелерін өзіңіз шешкіңіз келеме?  Олай болса мүліктің меншік иелері бірлестігін тіркеңіз.

Бұл бірлестік ХҚО арқылы тіркеледі және ол үшін:

  • Алдымен кез-келген ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз
  • Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз
  • Операторға келесі құжаттарды ұсыну арқылы өтініш қалдырыңыз:
  • Көпқабатты үйдің тұрғындары мен үй-жайлары иелерінің қатысуымен өткен жиналыстың хаттамасы
  • Меншік иелерінің жарғысы немесе типтік жарғы негізінде жұмыс істеу жайлы өтініш
  • Қызмет ақысының төленгені туралы түбіртек

☝Ескерту, ХҚО-ға өтініш беру үшін, тіркелетін меншік иелері бірлестігінің төрағасы келсе жеткілікті.

  • Қызмет құны – 1 АЕК (2 778 тг.)
  • Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есептемегенде – 10 жұмыс күні.

Керегеңіз кең, шаңырақтарыңыз биік болсын!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<