Музейде онлайн көрме ұйымдастырылды

696

0

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай Ақмешіт музейі филиалында «Елбасы және Сыр елі» атты тарихи-танымдық онлайн көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қызылорда облысына келген ресми сапарлары, атап айтқанда Елбасының 1991 жылы Байқоңыр ғарыш айлағында қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіровпен кездесуі, Мемлекет басшысының Сыр елінің еңбекшілерімен, 2003-2005 жылдары Арал тұрғындарымен кездесу сәті, Қорқыт ата кешенімен танысуы, 2009 жылы Қызылорда облысы зиялы қауымымен, 2012 жылы облыс тұрғындарымен кездесуі, Байқоңыр ғарыш айлағындағы «Бәйтерек» кешенін іргетасын қалау шарасына қатысуы қамтылды. 

Онлайн көрме музейдің әлеуметтік желілері «Facebook», «Instagram» парақшаларында, БАҚ беттерінде жарияланды. Көрме 27 қараша мен 10 желтоқсан аралығына дейін жалғасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<