Нұр-Сұлтанда Жалаңтөс баһадүрге ескерткіш орнатылады

476

0

Тәуелсіздіктің 30 жыл­ды­ғына орай Нұр-Сұлтан қала­сында даңқты қолбасшы Жалаңтөс баһадүрге ескерткіш орнатылады. Бұл туралы өңір­лік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ержан Жеткерұлы айтты.

Басқарма басшысының орын­­басары мәдени мұра­ларды сақтау мен қорғау мә­селелеріне жалпы жұрт­шы­лықтың назарын ау­дару мақсатында жасалып жатқан жұмыстарға тоқ­­талды. Бүгінде облыста 545 ес­керткіш мемлекеттік тізім­ге алынған. Оның ішінде 30 республикалық, 257 жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші бар. Сондай-ақ, 258 нысан тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын ала тізімінде.

– Биыл «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасының «Қазақс­тан­ның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында 3 археологиялық ескерткішке – ежелгі Бәбіш мола және ортағасырлық Жанкент, Сы­ғанақ қалашықтарына архео­логиялық қазба жүргізу жос­парлануда, – деді Ержан Жеткерұлы.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс көлемінде 150 ескерткіштің 3D форматтағы интерактивті картасы әзірленіп, 150 ес­керт­кішке QR-код тақтай­шалары орнатылды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады.

Айта кетелік, 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Оны 1983 жылы ЮНЕСКО жанындағы ескерткіштер мен көрікті орындар мәселелері бойынша халықаралық ке­ңес ассамблеясы (ИКОМОС) бекіткен. Атаулы күн қар­саңында өңірдегі мәдениет мекемелерінде онлайн форматта түрлі бағыттағы шаралар және ескерткіштер ау­мағында сенбіліктер ұйым­дастырылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<