Облыста 146 ауылдық округтің өз бюджеті бар

234

0

Қызылорда облысындағы 146 ауылдық округ дербес бюджетке өтті. Яғни, ауыл тұрғындарының жер, мүлік, көлік салықтарын өздері жинайды. Тиісінше, қаржыларын абаттандыру мен көгалдандыру, сумен қамту, жол салу, көшелерді жарықтандыру және дезинфекциялау секілді 19 бағытқа жұмсай алады.


– Бұдан бөлек, авто жолдың бойында орнатылатын жарнамадан түсетін салық сол жердегі ауылға түседі. Мемлекеттік мүлікті сату, жалға беру кезіндегі салық та солай. Яғни, салықтан ауыл үшін қомақты қаржы жинауға болады. Бір сөзбен айтқанда халық өзі төлеген салықты өзі пайдаланады. Осы тұрғыдан алғанда, төртінші деңгейлі бюджеттің берері көп, – деді облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов.


Ауылдық округтер өз дербес бюджетінен бөлек, мемлекеттік бағдарламалар негізінде инфрақұрылымдарын жаңартып, әлеуметтік нысандарды жөндеуден өткізуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз