Өмірдің мәні неде?

1540

0

Бірде шәкірті ұстазынан сұрайды:

–    Ұстаз, өмірдің мәні неде?


– Кімнің? – деп таңдана сұрағына сұрақпен жауап берді ұстазы. Шәкірті сәл ойланып барып:

– Жалпы. Адам өмірінде. Ұстазы терең күсінді де:


– Бұл сұраққа кім жауап бере алады? – деп басқа студенттерден сұрады. Бірі:

– Бәлкім, өмірдің мәні махаббатта шығар…


– Жаман жауап емес, деді ұстазы, – бірақ ондаған жыл өмірім бекер өтпеді деп айту үшін бір ғана махаббат жеткіліксіз секілді.

– Меніңше, өмірдің мәні артыңнан із қалдырып кету. Мәселен, сіз, Ұстазым!

– Егер сені дұрыс танымайтын болсам, жай ғана жағымпазданып тұр деп ойлар едім.

– Сонда көп адам бекер өмір сүріп жатыр деп есептейсің бе? – бірі осылай деп еді, енді бір студент:
– Өмірдің мәні осы мәнді іздеу шығар, мүмкін.

– Қане, қане, – деп қызыға түсті ұстазы: – ойыңды ашып айтшы, неге олай дедің?

– Біз осы сұрақты талқылап отырмыз, демек, жауабын дөп басып айту мүмкін емес. Екіншіден, дұрыс жауабын таптым деген күннің өзінде ол жауапқа қарсы шығатын адам бәрібір табылады. Осылай бүкіл өміріміз осы өмірдің мәнін іздеумен өтеді.

– Сонда өмірдің мәні…

– Өмір сүру, – деді шәкірті.

Осымен сабақ та аяқталды. Әркім осы ойды арқалап, аудиториядан шыға берді.

Massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<