Өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтті

571

0

Фото: Аманат партиясы

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу төңірегіндегі мәселелер Өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңестің отырысында қаралды.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналиев, партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, аймақтық кеңес төрағасы Қожахмет Ильясов, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ның облыстық филиалы директорының орынбасары Ерсайын Мұзафар бейнебайланыс арқылы қатысты.

Жиыннан соң күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайы талқыланып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының межеленген мерзімде орындалуы пысықталды.

Атап айтар болсақ, облыс аумағындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы – 3 418,5 км. Оның 1 014,5 км республикалық, 555 км облыстық, 1 849 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.

Сондай-ақ республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының жұмысы қарқынды жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 424км-ді құрайтын жолдың облыс аумағындағы автомобиль жолының ұзындығы 216 км. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары 40 пайызға аяқталып, 83 км асфальт төселді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<