Өрлеудің онлайн курстары

393

0

Құрметті педагогтерімізге Өрлеудің BilimLand компаниясымен бірлесіп әзірлеген «Қашықтықтан оқыту  технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру», «Қашықтан оқыту: сабақты әзірлеуден бастап білім беру процесін ұйымдастыруға дейін» және «Патриотизмді және көшбасшылық қасиеттерді жеке тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің негізі ретінде қалыптастыру» атты онлайн курстан өтуді ұсынамыз.

Оқуды қазақ және орыс тілдерінде өтуге болады. Онлайн форматында оқығаннан кейін, нәтижесінде сіздер барлық қажетті құзыреттерді меңгеріп, оқу бағдарламаларының мақсаты мен мазмұнына сәйкес, Өрлеу филиалдарында сертификаттаудан өтесіздер.

Қызықтыңыздар ма? Онда Bilim қосымшасын Google Play немесе App Store-ден жүктеп алыңыздар. Сіздерге білім беру саласындағы сарапшылардың бейнедәрістері мен білім беру аудиоподкасттары қолжетімді болады.

Қосымшаны жүктеп алып, курсқа жазылыңыздар және жұмыстан қол үзбей кәсіби дағдыларыңызды жетілдіріңіз.

Өрлеу және BilimLandпен бірге жаңа белестерге!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<