Өрт тактикалық жаттығуы өтті

413

0

Күніне мыңдаған адам поездбен жолға шығады. Бұл өзге транспорттарға қарағанда әлде қайда  қауіпсіз әрі қызықты саяхат. Ал, техниканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мамандар үздіксіз жұмыс жасайды.

Десе де  төтенше жағдайдың алдын алу үшін 2021 жылғы қазан айының 26 күні 11 сағат 00 минутта Қызылорда қаласы, Егізбаев көшесі № 12 мекенжайда орналасқан «АГМ-Табыс» ЖШС-нің жолаушылар вагонында бірлескен өрт тактикалық жаттығуы өткізілді. 

Мұндай оқу жаттығу қызметкерлердің теміржолдағы жолаушылар және жүк вагондарында болатын тілсіз жауды ауыздықтауда жауынгерлік іс-қимылдарын арттыруға, жалынды дер кезінде сөдіруге көмектесетіні сөзсіз. Жалпы шарада НОРП-31өрт сөндіру қызметінен 17 қызметкер, сондай-ақ 3 техника қатыстырылды.

Облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<