Орталық алаңда гала концерт өтеді

608

0

Құрметті қызылордалықтар және қала қонақтары!

31 желтоқсан күні сағат 20:00-де Орталық алаңда Жаңа жылдық мерекелік гала концерт өтеді. Мерекелік кешті жерлесіміз, елімізге танымал жайдарманшы Асылхан Дүкенбаев жүргізіп, эстрада жұлдыздары Ақбота-Нұр, Әбдіжаппар Әлқожа және жергілікті өнерпаздар Сіздер үшін арнайы өнер көрсететін болады.

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, келе жатқан 2023 жылды бірге қарсы алуға шақырамыз!

Келіңіздер! Көңілді кештің куәсі болыңыздар!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<