Отбасы – тәрбие бесігі

627

0

Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжановтың қатысуымен ауданның білім саласы қызметкерлері мен ата-аналардың «Отбасы – тәрбие бесігі» атты бірлескен кеңесі өтті.

Кеңесті жерлесіміз, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов жүргізді. Облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет бала құқығы жөніндегі уәкіл Ұзақбаева Жапырақ Бегімбайқызы, облыстық кеңестің жұмысшы топ мүшесі Райкүл Байназарова аталмыш жиынға арнайы қатысты.Негізгі мақсат жаңа ғасырда, қоғам мүддесіне сай лайықты жан-жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру ата-ананың, балабақшаның, мектептің, жалпы қоғамның міндеті түсіндіру және пікір алмасу арқылы талдау, ортақ шешімге келу.Шара барысында спикерлер ата-аналарға түрлі тақырыптар бойынша баяндама жасады. Атап айтқанда:

«Ауданның білім беру ұйымдарында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу және бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері» туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Садықов Талғат Құрақбайұлы, бала құқығы жөніндегі уәкіл, психолог маман Ұзақбаева Жапырақ Бегімбайқызы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары» туралы аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Мәулен Өсер «Кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру» туралы аудандық аурухананың бас дәрігері Мақсұтов Еркебұлан Мақсұтұлы, «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі» тақырыбында Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің ата-аналар комитетінің төрайымы Құттымбетова Эльмира Мергенбайқызы хабарлама жасады.

Аудан әкімі Есжанов Асқарбек Темірбекұлы бүгінгі басқосудың маңызын ескере отырып, қай кезде де ұрпақ тәрбиесін бірінші орынға қоятынын, еңбек пен білімді ұштастыра білген әрбір ата-ана үшін баласының болашағы бәрінен қымбат екенін және бүгінгі кездесуге аудан әкімі ретінде емес, ата-ана ретінде ашық пікірлесіп, балалар тәрбиесі жайлы ой-пікірлерді бүкпесіз еркін ортаға салып, мәселелерді бірге шешуге шақырды. Мектептерде, білім мекемелерінде ұлттық тәрбиеге жете мән беріп, «Аналар академиясы», «Әкелер кеңесі» мен ата-аналар комитетінің жұмысын жандандыру қажеттігін ескере отырып, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

– Аудандық мәдениет және спорт бөлімі білім бөлімімен бірлесіп, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануды үйлестіру бойынша бірлескен кешенді шаралар қабылдауы тиіс. Әсіресе, ерекше бақылауды қажет ететін, түрлі санаттағы отбасы балаларын шығармашылық және спорттық секцияларға тарту жұмыстарын үйлестіру қажет.- Осы орайда салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалар мен жасөспірім қыздардың денсаулығын нығайту бағытындағы жұмыстарды да назардан тыс қалдырмаған жөн.

– Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі білім мекемелерімен бірлесіп, түрлі санаттағы отбасыларға талдау жасап, тиісті шаралар қабылдауы қажет.- Аудандық полиция бөлімі білім мекемелерімен бірлесіп, жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылық, кибербуллинг әрекеттерінің алдын алу жұмыстарын жүргізуі қажет, – деді аудан әкімі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<