Отбасы – тәрбие бесігі

424

0

Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі М.Ергешбаевтың қатысуымен «Отбасы – тәрбие бесігі» тақырыбында кеңейтілген отырыс өткізілді. Кеңеске облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет Қызылорда облыстық бала құқықтары жөнінде уәкіл Ұзақбаева Жапырақ Бегімбайқызы, аудандағы құқық қорғау саласының басшылары, кент және ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары, қоғамдық кеңес, ата-аналар кеңесінің төрағалары, білім саласының ардагерлері, педагогтар мен ата-аналар қатысты.

Жиынның күн тәртібінде сәйкес «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстары мен алда атқарылатын іс-шаралар» туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Жәнібеков Берік Съездұлының, облыстағы бала құқығы жөніндегі уәкіл, бала психологы Ұзақбаева Жапырақ Бегімбайқызының, «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында хабарлама жасау үшін білім саласының ардагері, «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жанәлиева Ұлмекен Шанайқызының, «Білім беру ұйымдарында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу және бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері» туралы хабарлама облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Зинабдинұлы Шермағанбеттің баяндамалары тыңдалды.

Аудан әкімі білім беру ұйымдарында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың, суицидтің, балалардың беймезгіл уақытта көше кезуі, кибербуллингтің алдын алу және бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бірқатар мәселелерге тоқталды.

Біздің басты мақсатымыз – өңірдің ерекшелігіне сәйкес жас ұрпақты ұлттық тәрбие өзегінде тәрбиелеу , келеңсіз жайттардың алдын алу және болдырмау, сонымен қатар сынып жетекшілері мен тәрбие ісіне жауапты орынбасарлардың жұмыстарын жүйелеп, озық тәжірибелерді білім беру ұйымдарына енгізу қажеттігіне арнайы тоқталды.Бала тәрбиесіне байланысты мектеп басшыларына ата-ана, ұстаз, оқушы арасында тығыз байланыс орнатуды тапсырды. Ауданда өткен жылы демеушілердің қолдауымен 6 балалар спорт-ойын алаңы пайдалануға беріліп, 1 балабақша ашылды.

ҰБТ қорытындысы бойынша да аудан нәтижесі облыста алдыңғы қатарда. Түлектердің 92 пайызы мемлекеттік грант иегері атанды.Сонымен қатар, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Тереңөзек кентінен 300 орындық мектеп салынатынын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<