Парламентте «Өлім жазасы туралы» заң жобасы қаралады

482

0

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында мәлімделді.  Жыл басында Мемлекет басшысы «Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік Хаттаманы ратификациялау туралы» заңға қол қойған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Құжатқа сәйкес, қылмыстық кодекске енгізілетін түзетулер пысықталуға тиіс. Осының жай-жапсарын бас прокурордың бірінші орынбасары Берік Асылов түсіндірді.  Ол заң жобасының тұжырымдамасы әзірленгенін тілге тиек етіп:  «Тұжырымжама нормативті-құқықтық актілердің қоғамдық порталында талқыланды. Ақпан айында ведомствоаралық комиссия өтіп, үкімет оны мақұлдады. Бас прокуратура әзірлеген заң жобасы сараптамадан өтіп жатыр. Тиісті қорытынды дайын болғаннан кейін үкіметке және депутаттарға таныстырамыз. Бұл шараны шамамен мамыр, маусым айларына жоспарлап отырмыз», – деді. 

Біле жүріңіз, 2003 жылы елімізде өлім жазасын қолдануға мораторий енгізілді. Содан бері жазаның бұл түрін қолданбаудың тұрақты құқықтық режимі сақталып келеді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<