Педагогтар курстармен тегін қамтамасыз етіледі – Білім министрлігі

486

0

Педагогтың кәсіби дамуының жаңа моделі құрылады. Бұл туралы Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларды орындауға арналған Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқапарат тілшісі.


«Педагогтардың біліктілігін арттыру кезеңін «үш жылда бір рет» болып қайта қарастыру бойынша тоқталсақ, осы тапсырма аясында педагогтың кәсіби дамуының жаңа моделі құрылады. «Білім туралы» Заңға қажетті өзгерістер енгізіледі», – деді А. Аймағамбетов.

Оның айтуынша, педагогтар курстармен тегін қамтамасыз етіледі.

«Президентіміз айтып көрсеткендей, педагогтар арнайы біліктілік курстарымен толығымен қамтылмай, өз қаражаты есебінен өтуге мәжбүр болған. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында педагогтар курстармен тегін қамтамасыз етілетін болады», – деді министр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<