Праймериз – прогресс бастауы

966

0

Праймериз арқылы «Nur Otan» партиясы іскер, көшбасшы, ел сенетін тұлғаларды іріктеп, әлеуметтік лифт қалыптастырмақ. Ел бойынша жүзеге асып жатқан тың бастамаға үлес қосудамын. Менің де қарекетім сол жүйеден байқалуы тиіс. Жаңашылдықты қолдамасақ, жаңалануға үн қоспасақ,  жаһандану деген көштің соңында қалмақпыз. Демек, праймериз – жаңашылдық қана емес, саяси жүйемізді ілгері сүйрейтін мықты механизм.

Партияның барлық дең­гейдегі тұлғалары сайлау нау­қаны басталғанда ел арасына шығып, қоғамды дамытуға арналған бағдарламасымен таныстырып, ашық пікір­таласқа көшпек. Осылайша үміткерлердің саяси ұста­нымы мен ұсыныстары ел алдында ашық, жариялы түрде саяси пікірталаста ай­­қындалады. Мұн­дай ашық­тық партия қата­рын шынайы ұлтжанды аза­маттармен то­лықтыруға және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тың серпіліс әкелетін жаңа көз­қарасты саясаткерлердің пай­да болуы­на толық мүм­кіндік береді. Прогреске көн­діге қою, оған көңіл толу оңай болмайды. Біз, жастар – туған жеріміздің патриотымыз. «Nur Otan» партиясының пар­тияішілік іріктеуі осындай қарымды жас­тарға мол мүм­кіндік беріп тұр. Бастысы, оған нем­құрайлылық таныт­пау қажет.

Өйткені, халықтың бола­шағы жолында аянбай ең­бек ету қасиеттен. Болам дейтін баланы көп ішінде не айшықтайды? Қарым-қабілет, мінез, болмыс, тағысын тағы. Сондай қасиеттің біршамасы бойда бола тұра туған жерге, өсіп-өнген елге сүйіспеншілік болмаса бәрі бекер. Мені де қанаттандыратын – Отанға де­ген махаббат.

«Nur Otan» партиясының қолға алған партияішілік іріктеу, нағыз көшбасшыларға жол ашу қадамын мен де қуаттаймын. Бұл еліміздің әлеуеттік даму динамикасына оң серпін береді.

Гүлдәрі ИМАНАЛИЕВА,

«Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық

филиалының консультанты,

«Jas Otan» ЖҚ аудандық бөлімше басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<