Пробация қызметінің міндеті

156

0

Еліміздегі қылмыстық атқару жүйесіне пробация қызметінің енгізілгеніне көп бола қойған жоқ. Әйтсе де, бұл төңіректе ауқымды іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Пробация қызметі деген не? оның мақсаты мен міндеті қандай ? – деген сұрақтар көптіңі көкейінде жүрері анық.

«Пробация» латын тілінен аударғанда «сынау» деген мағынаны білдіреді. Негізгі қызметі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған әрбір сотталған адамға қоғамда өз орнын табуға көмектесу болып табылады. Бостандығынан айырмай жазаға кесілген немесе мерзімінен бұрын бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылған сотталғандарды бақылап қана қоймай, оларды еркін өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектесу – пробация қызметкерлерінің басты міндеті. Адамның қылмыс жасағанына қарамастан олардың түзеу мекемесіне отырмауына мүмкіндік беру. Ол үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттарын барлығын орындауы керек. Ал, байқаусызда сүрінген жандар қайта тәрбиеленуіне мүмкіндік беріліп, әлеуметтік мәселелері болса шешуге ықпал жасалынады.

Сондай-ақ, пробация қызметі сотталғандарды айыптаушы емес, керсінше оларды тәрбиелеуші. Бұл тура жолдан адасып, жазалы болған азаматтарға деген ізгілікке толы қамқорлық. Олардың түзеліп, қоғамдағы қалыпты азаматтардың біріне айналады деген берік сеніміміз бар. Сотталушының кінәсі қанша жерден ауыр болса да, ол мемлекетіміздің азаматы деген аттан айырылмайды.

С.Сейталиев,

Арал аудандық ПҚ бөлімінің бастығы,

әділет майоры.