Профилактикалық жұмыстар жүйелі жүргізілуде

328

0

Қазіргі күні Қазалы ауданындағы магистральдық жоғары қысымды газ құбырын жөндеу профилактикалық жұмыстары барысында пайда болған техникалық ақауларға байланысты жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Бүгін көгілдір отынның аудан тұрғындары үшін аса маңызды екенін қаперде ұстаған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жөндеу жұмыстарының басына арнайы барып, барлығын көзбен көріп қайтты.

“ҚазТрансГазАймақ” АҚ Қызылорда өндірістік филиалының Қазалы ауданы бойынша газ шаруашылығының директоры Қуаныш Сансызбаев қосымша техника алдырылғанын баяндап, жұмыс одан әрі жанданатынын айтып өтті. Қазір мұнда екі компрессор іске қосылып, азот қышқылы жіберілуде.

Өндірістік филиал мамандарымен кездескен аудан басшысы жұмысты жеделдете отырып, тез арада ел игілігіне беруді тапсырды.

Сонымен қатар, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов пен “ҚазТрансГазАймақ” АҚ Қызылорда өндірістік филиалының Қазалы ауданы бойынша газ шаруашылығының директоры Қуаныш Сансызбаевқа жөндеу жұмыстары аяқталамын дегенше күндіз-түні жұмыстың басында болып, жағдайды баяндап отыруды жүктеді.

Қазалы ауданы әкімінің

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<