Қармақшылық кәсіпкерлермен кездесу өтті

657

0

Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ерлан Нұрланбаевтың аудан кәсіпкерлерімен кездесуі өтті.

Жиынды аудан әкімі Мұса Қалдарбеков жүргізіп,  негізгі мақсат «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы кәсіпкерлерді қолдау түрлері мен бағдарламаға қатысу шарттары туралы толық ақпарат беру екенін айтты.

Кездесу барысында сөз алған Е. Нұрланбаев аудан кәсіпкерлеріне бизнесті жүргізу туралы кеңінен сөз қозғады.

Сонымен бірге кездесуде аудан кәсіпкерлері ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жиынды қорытындылаған Мұса Оспанұлы аудан әкімдігі тарапынан алдағы уақытта бизнесті жүргізуге барынша қолайлы жағдай жасалатынын атап өтті. 

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<